Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Amanat партиясының мүшесі жеті жастағы балаға азғындық жасады деген күдікке ілінді

    Amanat партиясының мүшесі жеті жастағы балаға азғындық жасады деген күдікке ілінді

    Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.  Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы Ақсу аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

    Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растады. Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

    Ақсу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберіндегі басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды, – делінген хабарламада.

    Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

    «Аманат» партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-басшысы 2024 жылдың 1 тамызында өз еркімен қызметінен кетті, – делінген хабарламада.

    Фото: gov.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →