Басты бет » Қостанай облысында кәсіпкер 200 млн теңге салықтан жалтарған

Қостанай облысында кәсіпкер 200 млн теңге салықтан жалтарған

Қостанай облысында фермер 200 млн теңге салықтан жалтарған, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, шаруа қожалығының басшысы 2022 жылы 1 млрд-тан аса теңгеге 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып берген. Оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

— Бұл контрагенттерге мемлекет бюджетіне жалпы көлемі 200 млн-нан астам теңге салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген ҚМА хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика