Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде •

    «Өлік жөнелткендей». Елшібаева қызды Құран оқып ұзатқандарды сынады

    «Өлік жөнелткендей». Елшібаева қызды Құран оқып ұзатқандарды сынады
    фото: quran-sunna.ru

    Қоғамдық пікірден қалыс қалмай, үнемі белсенділік танытып жүретін дәстүрлі әнші, жыршы, термеші Айгүл Елшібаева бұл жолы да көкейкесті мәселені көтерді.

    Оның айтуынша, қазір қызды сыңсу айттырып емес, әсіредіншілдер тарапынан Құран оқып ұзату сәнге айнала бастаған.

    Қыз баланы Құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара?! Көрген көзде жазық жоқ. Уахаптар, салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, Құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлерінен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай! Қыз ұзату салт-дәстүрімізге жатады. Аялап өсірген қызын жат ұяға беру – қимастығының белгісі, — деп налыды Айгүл Елшібаева.

    Сондай-ақ ол «ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы, қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырғандарға» жеткізер базынасын әдетінше ауыр эмоциямен «тұздықтап» жіберді.

    Ислам діні, Әбу Ханифа мәзхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар… Осылардыкі дұрыс па, ағайын? – деп көпшілікке сауал тастап аяқтады сөзін ашынған әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →