Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Таиландта із-түзсіз жоғалған ағайындылар өлі табылды «Қолын сындырып, тепкілеген»: Алматы облысында 29 жастағы үш баланың анасы ажал құшты «Барлық жерде шашылып жатыр»: Семейде құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Гүлзира Айдарбекова ағасының ауыр халі туралы сыр шертті Мақпал Жүнісова құдалық сәтінен фото-бейне жариялады Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды

    Әскери сот Тұрлыхановтың сотталған ұлына қатысты мәлімдеме жасады

    Әскери сот Тұрлыхановтың сотталған ұлына қатысты мәлімдеме жасады

    Оның деректерін сұрағанда екі қалада орналасқан екі мекенжайы көрсетілген

    Кеше әлеуметтік желілерде Дәулет Тұрлыхановтың Астанада шартты мерзімге сотталған ұлының Алматыда қыдырып жүрген видеосы пайда болған еді. Бұл туралы Әскери сот мәлімдеме жасады.

    Алматы гарнизонының әскери соты Нұрасыл Болатқа қатысты іс бойынша сот актісі оның тіркелген жері – Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне уақтылы орындау үшін жолданғанын хабарлады.

    Астана қаласының Байқоңыр ауданы бойынша пробация қызметінің хатымен сотталушының мекен-жайы үкімдегі мекен-жаймен сәйкес келмеуіне байланысты материал орындалмай қайтарылған. Осыдан кейін сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді. Өйткені оның деректерін сұраған кезде екі қалада орналасқан екі мекенжайы көрсетілген, – делінген Әскери сот мәлімдемесінде.

    Әскери сот департаменті қазір аталған іс жүргізудің ұзақтығының себептерін анықтау бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

    Қазір іс бойынша сот актісі сотталғанның Алматы және Астана қалаларындағы тұрақты және уақытша тіркеу орындары бойынша пробация қызметіне жіберілді, — деді Әскери сот өкілдері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →