Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Мбаппе ӘЧ-2026 рекордтарын жаңартты: 11 нәтижелі әрекет Мбаппе мен Дембеле Францияны жартылай финалға шығарды Абай облысында төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты «40 жыл қорқып келемін»:Меруерт Түсіпбаева ажалдан қалай аман қалғанын айтты (видео) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Мбаппе ӘЧ-2026 рекордтарын жаңартты: 11 нәтижелі әрекет Мбаппе мен Дембеле Францияны жартылай финалға шығарды Абай облысында төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты «40 жыл қорқып келемін»:Меруерт Түсіпбаева ажалдан қалай аман қалғанын айтты (видео) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды

Алматы-Өскемен автожолында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды (ВИДЕО)

Алматы-Өскемен автожолында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр 

Алматы-Өскемен тас жолында үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жол-көлік оқиғасы 13 тамыздан 14-іне қараған түні болған. Облыстық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

— Opel Antara, Toyota Camry және Mercedes Benz автокөліктері 14 тамызда Алматы-Өскемен автожолының 88 шақырымында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика