Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұстаздың ұстанымы: Сапалы балалар контенті – шығармашыл ұрпақтың негізі • Тоқаев Айсұлу Сүлейменованың Азия рекордын ерекше атап өтті • Пандус қана инклюзия емес: ерекше қажеттілігі бар адамдарға қоғам қашан тең қарайды? • «Емханаға жету мұң болды»: Ақмола облысының ауыл тұрғындары балшыққа батып, биліктен жол сұрап отыр • Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды • Татьяна Тарасова ауруханада жатыр — туысы хабарлады • Ұстаздың ұстанымы: Сапалы балалар контенті – шығармашыл ұрпақтың негізі • Тоқаев Айсұлу Сүлейменованың Азия рекордын ерекше атап өтті • Пандус қана инклюзия емес: ерекше қажеттілігі бар адамдарға қоғам қашан тең қарайды? • «Емханаға жету мұң болды»: Ақмола облысының ауыл тұрғындары балшыққа батып, биліктен жол сұрап отыр • Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды • Татьяна Тарасова ауруханада жатыр — туысы хабарлады •

    Павлодарда көпқабатты 360 үй ыстық сусыз отыр

    Павлодарда көпқабатты 360 үй ыстық сусыз отыр

    «Павлодарэнерго» АҚ қызметкерлері қазіргі уақытта гидравликалық сынау кезінде анықталған ақауларды жоюға кірісіп кетті. Қала бойынша желілердің 83 жерінен жарық шыққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Коммуналдық желілерге жауапты кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, облыс орталығындағы ыстық су тораптарына тамыз айының басында гидравликалық сынаулар жүргізілген. Нәтижесінде мамандар 83 ақауды анықтады. Құбырлардың тесілген жерлері көбіне ішкікварталдық желілерде анықталған — 69 ақау. Ал магистральдік желілерде 14 ақау белгілі болды.

    — Ақауларды жою үшін қазіргі уақытта жөндеу бригадалары жұмыс істеп жатыр. Құбырлар қысқа шыдас беруі үшін әлсіз учаскелерді жөнге келтіреміз. Қала бойынша қазіргі сәтте шамамен көпқабатты 360 үй ыстық сусыз қалып отыр. Олардың барлығы 5 қыркүйекке дейін қосылады деген жоспар бар. Үйлердің басым бөлігі магистральдік желілерде табылған жарықтарға байланысты ыстық судан ажыратылды, — деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінен.

    Мамандардың айтуынша, Павлодардың оңтүстік бөлігіндегі құбырлардан ақаулар жиі анықталады. Осы апта басында шаһардың ЖЭО-2 және ЖЭО-3 стансаларына қосылған оңтүстік бөлігінде гидравликалық сынаулар аяқталған. Енді бұл аумақта да анықталған ақауларды жою іс-шаралары жүргізіледі.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →