Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада түрмеден шыққан жігіт көшедегі бейтаныс жасөспірімді үш жерінген пышақтап тастады

    Астанада түрмеден шыққан жігіт көшедегі бейтаныс жасөспірімді үш жерінген пышақтап тастады

    Астанада ер адам жасөспірімді үш жерден пышақтаған. Оқиғаға қатысты Астана қалалық полициясы түсініктеме берді.

    Баланы пышақтаған — көршісі. Пышақ жарақаты терең емес. Десе де бұл қылмыстық іс дейді ведомстводағылар.

    «Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

    Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицияның айтуынша, ер адам пышақтайтындай жасөспірім екеуінің арасында кикілжің де болмаған. Күдікті бірнеше рет сотты болған, жазасын өтеу мерзімі аяқталмаған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →