Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды •

    Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

    Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентіне Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Мемлекет басшысы Қазақстанда Шавкат Мирзиёевті Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты.

    «Егемен ел ретінде даму  жылдарында екі мемлекет арасында жан-жақты серіктестік пен стратегиялық одақтастық жолға қойылды. Берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Шекараны толықтай шегендеп алдық. Өзара сенімді саяси диалогтың арқасында біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қарқынды түрде ілгерілетіп келеміз. Негізгі халықаралық құрылымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қазақ-өзбек қатынастары үлгі етуге тұрарлық әрі нағыз бауырластық деңгейде», – деді Мемлекет басшысы. 

    Шавкат Мирзиёев өзін Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді

    «Бұл марапатты екі халық арасында ғасырлар бойы жалғасқан шынайы достық және тату көршілік қатынастарды арттыруға қосқан бірлескен күш-жігерімізге берілген лайықты баға деп санаймын. Қазақстан біздің ең жақын, сенімді әрі уақыт сынынан өткен серіктесіміз», – деді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →