Басты бет » «Купе 20 мың теңге». Елімізде пойыз билеті қымбаттайды

«Купе 20 мың теңге». Елімізде пойыз билеті қымбаттайды

Күзде пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «31 арна» арнаға сілтеме жасап.

Жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Бағасы көтерілген билет бұл күнге 45 күн қалғанда – тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды.

Көлік министрлігі баспасөз қызметі бүгінде елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейтінін және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайтынын айтты. Оның 62-сінде тариф көтеріледі.

Пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44%, — деп түсіндірді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Ұлттық тасымалдаушы кондиционері жоқ вагондарға сатылатын билеттерге 20%-ға дейін жеңілдік береді.

Фото: Pixabay

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика