Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды •

    Қарағандыда колледж студенті 7,5 жылға сотталды

    Қарағандыда колледж студенті 7,5 жылға сотталды

    Қарағанды қаласында есірткі жасырумен айналысқан студент 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Жоғарғы соттың мәліметінше, Қарағанды политехникалық колледжінің 17 жастағы 3 курс студенті интернеттен «курьер қажет» деген хабарландыру көрген.

    Хабарландыруда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып, жұмыстың қиын емес екенін, сонымен қатар жалақысының жоғары екенін біледі.

    «Алынған геолокация бойынша 5-15 жиынтық тауып, оларды бір-бірден орап, Қарағанды көшелеріне жасырып келген. Кураторына фотоесеп жіберіп отырған. Әрбір салынған орама үшін банк картасына 2,5 мың теңгеден аударым алып отырған, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған», — делінген хабарламада.

    Былтыр қараша айында ол полицияның қолына түсті. 15 ораманы алып шығып, оның төртеуін жасырып үлгерген.

    Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3, 5 тармақшалары бойынша айып тағылды. Сотта айыпталушының кінәсі дәлелденді.

    Соттың үкімімен студент айыпты деп танылып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның кәмелетке толмағанын ескерді, — делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →