Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    «Миы уланған»: Елдос Сметовтың уағыз айтып отырған сәтін көпшілік сынап тастады (ВИДЕО)

    «Миы уланған»: Елдос Сметовтың уағыз айтып отырған сәтін көпшілік сынап тастады (ВИДЕО)

    Видеода Елдос Сметов қандай «ұстаздардың» уағызын тыңдау керектігін де ашық түсіндіріп отыр.

    «Сираны (Пайғамбардың ғұмырнамасы) тыңдай бер. Нұрсұлтан ұстаздың сирасы бар, Ерлан Ақатаевтың сирасы бар. Сен Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызбен қай жағынан танысқың келеді, бәрі дайын тұр. Бірақ біз оған қарамай, проблеманың шешімін басқа жақтан іздейміз. Пайғамбарымыздың, саһабалардың басына түсткен сынақтар, біздің басымызға түссе, өліп кетеміз. Бізге келіп жатқан сынақтар: материалдық жағдайдың болмауы, үйде әйеліңмен ұрысып қалу, көшеде біреумен төбелесіп қалу, бір күнәға батып кету, «косяк-қа» кіріп кету. Оның бәрі уақытша нәрсе. Алладан тәубеңе түс деп келіп жатқан белігіні уақытында түсінсең – жетістігің», – дейді дастархан басында уағыз айтқан Елдос Сметов.

    Чемпионның уағызы көпшілікке жақпай қалды. Тіптен кейбірі оның миы уланған деп сынап тастады.

    «Мынаның миы уланған ғой», «Мықты мықты спортшылар тәрбиелеңіз. Дінді уағыздап керек емес дер едім», «Сенген қойым сен болсаң, деген мақалдың кері ғой. Арабтың саһабасын айтқанша, өзіміздің қазақ батырларын айтса жарасады. Өз ұлтын сүймесе, оның чемпиондығы кімге керек» деген сыни пікірлер қалдырған.

    Еске салайық,  Елдос Сметов (60 кг) Парижде топ жарып, алтын медаль иеленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →