Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Ақтөбе облысында мас полицей жас жұбайларды көлікпен қағып өлтірді

    Ақтөбе облысында мас полицей жас жұбайларды көлікпен қағып өлтірді

    Ақтөбе облысында ішімдік ішіп көлік айдаған мас полицей жас жұбайларды қағып өлтірді. Azattyq Rýhy тілшісіне Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

    «Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапқан», — делінген хабарламада.

    Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар. Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →