Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Түркістандық түлек шетелдің 45 жоғары оқу орнынан шақырту алды

    Түркістандық түлек шетелдің 45 жоғары оқу орнынан шақырту алды

    Түркістандық түлек Дамир Аюпов шетелдің 45 жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабаралайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Олардың қатарында АҚШ, Швейцария, Германия, Испания, Малайзия, Шотландия секілді елдер бар.

    Түркістан қаласындағы № 15 жалпы орта мектептің түлегі Дамир Аюпов Ұлттық біріңғай тестілеуден 133 балл жинады.

    «Мектепте география, математика және ағылшын тіліне қатты көңіл бөлдім. Содан, IT саласын таңдаймын деген жоспарым болды. Дегенмен 11-сыныпта бұл ойым өзгерді. Оныма өкінбеймін. Қазір бизнес бағытын таңдап отырмын», — дейді Дамир Аюпов.

    Талапкер оқуға шақырту алған елдерінің арасында Чехияның Прага қаласын таңдап отыр. Ол чех елінде білім алу үшін бір жылын тіл меңгеруге жұмсайтынын айтты.

    «Шет елде білім алу үш жылға жалғасады. Тағы бір жыл сол елдің тілін меңгеремін. Мені шәкіртақысы 2,5 млн теңге болатын университеттер де шақырды. Бірақ жүрек қалауым Еуропаға түсіп тұр» , — дейді Дамир Аюпов.

    Айта кетейік, бұған дейін Түркістандық түлек Ислам Абдурахмановқа әлемдегі алпауыт 6 мемлекетте орналасқан 40-тан астам жоғары оқу орнынан шақырту келген болатын. Яғни, жас түлек БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария елдеріндегі әлемге танымал жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды.

    Алайда ол АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында орналасқан «North American University (NAU)» оқу орнында білім алуды жоспарлап отыр.

    Фото: жеке мұрағатынан

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →