Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады •

    Қызылордада жоғалып кеткен 25 жастағы мейіргер өлі табылды

    Қызылордада жоғалып кеткен 25 жастағы мейіргер өлі табылды

    Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның өлі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Абылайхан Жұман есімді 25 жастағы жігіт 20 шілдеде жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Ол облыстық көпсалалы ауруханада медбике болып жұмыс істеген.

    Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жас жігіттің өлімі туралы ақпаратты растап, екі күн бойы жоғалған жас жігітті іздеуге полиция департаментінің, полиция басқармасының, төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылғанын айтты.

    23 шілдеде жоғалған адамның денесі табылды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Ер адамның өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды және осы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Тергеу әрекеттері жалғасады. Өңір полициясы марқұмның жақындары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Абылайхан Жұман облыстық онкологиялық диспансерде хирургия бөлімінде мейіргер болып жұмыс істеген. Ол хабарсыз кеткен күні жұмыстан шығып, ұялы телефонын өшіріп, қайта хабарласпаған.

    Фото: Facebook/Ольга Чебакова

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →