Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Ферроқорытпа зауытында қаза тапқан жұмысшының отбасына он жылдық жалақысы төленеді

    Ферроқорытпа зауытында қаза тапқан жұмысшының отбасына он жылдық жалақысы төленеді

    YDD Corporation компаниясы Карағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдайдан кейін қаза тапқан жұмысшының отбасына қолдау көрсететінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Компания марқұм Музафар Исмаиловтың отбасы алдындағы міндеттемелерінің тізімін жариялады.

    Айта кетейік, жұмысшы алған жарақаттары салдарынан төртінші күні ауруханада қайтыс болған.

    “YDD Corporation Музафар Имантайұлының қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтады.⠀

    Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді атқарады:

    * Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды.

    * Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді.

    * Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиелерін толық өтейді”, — деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметінде.

    Мұзафар Исмаиловтың жаназасы бүгін Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылында шығарылды. Марқұмның соңында үш жасар қызы мен бірге енді толған ұлы қалды.

    Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті. Олар Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасына жатқызылды. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша қосымша медициналық көмек алу үшін Қарағандыға Академик Н.Д.Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығының қызметкерлері келді.⠀

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →