Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды •

    Атырау облысында аптап ыстықтан балықтар қырылып жатыр

    Атырау облысында аптап ыстықтан балықтар қырылып жатыр

    Фото: atpress.kz

    Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Махамбет ауданы әкімдігімен бірлесіп, Талдыкөл ауылының маңындағы «Сарыөзек» арнасынан шабақтарды құтқаруда. Оған 20-дан астам қызметкер мен ауыл тұрғындары, бес техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы atpress.kz-ке сілтеме жасап.

    Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсиннің айтуынша, арнадағы су деңгейі төмендеп, шабақтар таязда қалды.

    «20 шілдеде әлеуметтік желілерде «Сарыөзек» арнасында шабақтардың қырылып жатқаны жайында ақпарат тарады. Арнайы құрылған комиссия 21 шілдеде оқиға орнына барып, экология департаменті мамандары судан сынама алды. Сонымен қатар, санитарлық талаптарды сақтай отырып, жалпы салмағы 80 келі өлген шабақтың көзін жойдық. Бүгін, 22 шілдеде шабақтарды құтқару жұмыстары басталып, сағат 18:00-дегі жағдаймен 600 келіден астам шабақ құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді. Бұдан басқа, «Қазсушар» РМК мамандарымен бірлесіп, «Сарыөзек» арнасының су деңгейін арттыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұл шабақтарды құтқарумен қатар жүреді, — деді Нұрлыбек Гайсин.

    Нұрлыбек Гайсиннің айтуынша, биыл маусымнан бастап облыста 49 млн-нан астам шабақ құтқарылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →