Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды •

    Жетісу облысында жол апатынан 67 адам опат болды

    Жетісу облысында жол апатынан 67 адам опат болды
    Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі – жол қозғалысының қауіпсіздігі. Соңғы уақытта өңіріміздің автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Атап айтқанда жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары бойынша 203 қылмыстық іс тіркелді.

    «Оның ішінде 67 қылмыстық іс бойынша адам өлімі орын алған, 19 іс мас күйінде көлік жүргізуге байланысты болды. Бұл ретте жүргізушілер көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Шілде айының 17 күнінде ғана жол-көлік оқиғалары бойынша 20 қылмыстық іс тіркелді», – деп атап өтті ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Есімбеков.

    Мұның бәрі қалалық және аудандық жолдарда болады, себебі көліктер саны күннен-күнге артып келеді және көптеген жүргізушілер жол ережелерін сақтамайды.

    Ең қорқыныштысы – жол апатындағы балалардың өлімі. Полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

    Жол-көлік оқиғаларын алдын алу – бұл құзыретті органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Сіздің зейініңіз бен жолдағы тәртіп көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтай алады.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →