Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 31 шілде 2026 $ 475,4 544,6 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тайландта 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Романың іздеуі жалғасуда: жаңа мәліметтер ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді Биржада доллар бағамы арзандады «Кім бақытты болғысы келмейді?!»: Наркенже Серікбаева ажырасқан қыздарды қолдады Қарағанды-Жезқазған жолы: Апатты тасжол мен «ҚазАвтоЖолдың» жамау-жасқауы халықты әбден мезі қылды Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр? Тайландта 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Романың іздеуі жалғасуда: жаңа мәліметтер ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді Биржада доллар бағамы арзандады «Кім бақытты болғысы келмейді?!»: Наркенже Серікбаева ажырасқан қыздарды қолдады Қарағанды-Жезқазған жолы: Апатты тасжол мен «ҚазАвтоЖолдың» жамау-жасқауы халықты әбден мезі қылды Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр?

    «Қойдың астынан жорғалап өтуің қажет»: Желіде ерекше тәсілмен адам емдеген емшінің видеосы тарады

    «Қойдың астынан жорғалап өтуің қажет»: Желіде ерекше тәсілмен адам емдеген емшінің видеосы тарады

    Желіде қоймен адамдарды емдеген емшінің видеосы тарады.

    Видео емшінің үйінің ауласында түсірілген. Емге келген адамдардың қарасы көп. Олар қойдың емдік күші бар екеніне сенімді. Емделушілер қойдың астынан жорғалап өтулері керек. Жерге ешнәрсе төселмегенін байқауға болады.

    «Қойдың астынан жорғалап өтетін болсаң барлық ауруың жоқ болады. Адамдар топ-тобымен келіп жатыр», – дейді видео авторлары.

    Емшінің айтқан сөздері де желідегілердің наразылығын тудырды. Кадрларда емші әже «Егер қойдың астынан өтпесең, Алла сені ұмытады» деп жас қызды көндірген.

    Желі қолданушылары бұл емдеу әдісіне таң қалды.

    «Қорыққаннан аурудан айығып кететін сияқтысың”, «Қорқынышты», «Баранавирус», «Идея кімнен шықса да, өте жақсы бизнеске айналдырған», – деп жазады желідегілер.

    Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келгені туралы жазған едік.

    Өзін “емшімін” деп таныстырған ер адам балаларды Шымкент, Алматы, Өскемен, Астана қалаларындағы балалар үйінен алып кеткен. Екі бала асырап алынды, қалғандары қамқоршылыққа алынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →