Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Әнші Әбдіжаппар Әлқожа да қамауға алдынды

    Әнші Әбдіжаппар Әлқожа да қамауға алдынды

    Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі әнші Әбдіжаппар Әлқожаның Қонаев қаласында ұсталғанын растады.

    Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілдеде полицейлер Toyota Camry көлігін тоқтатқан.

    «Тексеру барысында жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, көлік жүргізіп келе жатқаны анықталды. Көлікті айып тұрағына жеткізген кезде KIA Carnival көлігі келіп, оның ішінде отырған жолаушы М. полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, тәртіп бұзушыға хаттама толтыруға кедергі келтіре бастады. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқықбұзушы полиция қызметкерлеріне бағынбады», — делінген хабарда.

    Әнші медициналық тексерістен өткен, нәтижесінде оның «орташа» дәрежеде алкогольге мас екені анықталды.

    «Нәтижесінде көлік құралын басқару құқығынан айырылса да көлік жүргізген Toyota Camry жүргізушісі сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін KIA Carnival жолаушысы да 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», — деп хабарлады облыстық ПД өкілдері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →