Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Атлант мұхитынан жүзге жуық мигранттың мәйіті табылды

    Атлант мұхитынан жүзге жуық мигранттың мәйіті табылды

    Мавританияның жағалау күзеті дүйсенбіде Атлант мұхитынан 89 адамның денесін тауып, 9 адамды құтқарды, қалғаны із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

    Тірі қалғандардың айтуынша, өткен аптада 170 адам қайыққа мініп, Сенегал-Гамбия шекарасынан шыққан. Қайық Мавританияның оңтүстік-батыс жағалауында аударылған.

    Мавритания Батыс Африкадан Еуропаға ағылатын мигранттардың негізгі транзит пункті болып саналады. Былтыр мыңдаған қайық осылай Еуропа шекарасына аттанған. Жақсы өмірге жеткісі келген адамдар ештеңеге қарамастан адам толы қайықтарға сығылыса мініп, басын өлімге тігеді. Осы қауіпті сапардың негізгі нүктесі Испаниядағы Канар аралдары. Испан билігінің мәліметінше, былтыр 40 мың мигрант жеткен.

    Ca-minando Fronteras қайырымдылық ұйымының дерегінше, 2024 жылдың бес айында Испанияға мұхит асып жету жолында 5 мың мигрант қаза  тапқан.

    Сәуір айында ЕО Мавританияға 210 млн еуро қаражат бөлген, оның 60 млн еуросы заңсыз миграциямен күреске арналған.

    Фото: BBC

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →