Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ? Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ? Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты

    Қарағандыда жұмысшы ток соғып мерт болды

    Қарағандыда жұмысшы ток соғып мерт болды

    27 маусымда сағат 11.30-да Қарағанды қаласындағы Нерченская көшесінде әуе желісін жөндеу кезінде «Қарағанды Жарық» компаниясының 36 жастағы электромонтері ток соғып, мерт болды, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Белгілі болғандай, марқұм Айдос Нүсіпбеков әріптесі Ернұр Еспаймен бірге ағаштарды қырқып, мұнарамен жоғары көтерілген.

    «Мен еңкейе бергенде оны ток соғып жатқанын аңғардым. Дереу әріптестерімді шақырып, оған алғашқы көмек көрсетуге тырыстық. Жедел жәрдем шақырдық, бірақ бәрі кеш болды», — дейді Ернұр.

    Айдостың туған-туыстары оқиға орнына жеткенде оның денесін мәйітханаға алып кеткен. Олар ер адамның қауіпсіздік ережелерін өзі бұзбағанын алға тартып отыр.

    «Айдос бұл салада 12 жылдан астам уақыт еңбек етті. Яғни, тәжірибелі мол. Әуе желісіне көтеріліп, жөндеуге кіріспес бұрын, олар барлық сымдарды ажыратуы керек еді. Бұл электромонтерлердің міндеті емес. Ол өзінің шала әрекетінен жан тапсыруы мүмкін емес. Бізде екі нұсқа болып тұр. Бірі — сымдарды ажыратпады немесе жұмыстың аяқталуын күтпестен ток берді. Мұны анықтау керек», — дейді марқұмның туыстары.

    Марқұмның артында анасы, жұбайы, үш баласы қалды. Оның қайтыс болу себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

    Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Айдос Нүсіпбековтің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша басталғанын атап өткен жөн.

    Фото:Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →