Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады

    Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек әлем чемпионы атанды

    20 жасар Қазыбек Нөгербек 2024 жылғыжасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы әлемчемпионатында (FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024) бірінші болып, 2024 жылғы әлем чемпионы атанды.  Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті. Әлем біріншілігінде 123 қатысушы,оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралықшеберлер бақ сынады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Қазыбек Нөгербек (2502) шахматтан Қазақстанқұрамасының мүшесі, KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының грант иегері. 11 раундтаұпайжинаған ол алтын медальмен бірге 1-орынға иеболып, әлем чемпионы атағына үміткерлертурниріне іріктеу аясындағы әлем чемпионатынажолдама алды. Екінші орынның иегері Арменияданкелген гроссмейстер Эмин Оханян (2501) болды. Ал мәре сызығына 3-ші болып серб гроссмейстеріЛука Будисавлевич (2468) келді.

    «Қазыбекті әлем чемпионатындағы жеңісіменшын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын да айтулы жеңіс Қазақстан шахмат мектебініңшежіресінде маңызды орын алады. Осы жетістік — шахматты дамыту жолындағы біз таңдағанбағыттың дұрыстығын тағы бір рет дәлелдейді. Чемпионның жаттықтырушыларына алғысайтамын!» – деп Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловчемпионды құттықтады.

    Мұндай жетістікке үш шахматшымыз ғанажеттіДәрмен Сәдуақасов (1998 ж.), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Әбдімәлік (2017). Айта кетейік, 2022 жылғы 18 жасқа дейінгі әлемчемпионатының күміс жүлдегері Индиядағы жекпе-жекке шыққанда, ресми түрде халықаралықшебер болып саналған. Дегенмен, турнир барысында ФИДЕ Президенттік кеңесінің кезектіотырысында оның гроссмейстер атағы бекітілгенібелгілі болды.

    Қыздар арасында 10 ұпай жинаған жарыстыңқожайыны Дивья Дешмух (2456) 1 орын алды. Жарты ұпай артта қалып, 2-орынды 2022 жылғы 18 жасқа дейінгі әлем чемпионы армениялық Мариям Мкртчян (2300) иеленді. 3-орын әзірбайжандықАян Аллавердиеваға (2133) бұйырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →