Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр •

    Тоқаев: Корея Республикасы – біз үшін сенімді серіктес әрі стратегиялық әріптес

    Тоқаев: Корея Республикасы – біз үшін сенімді серіктес әрі стратегиялық әріптес

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің шақыруын қабыл алып, елімізге сапармен келгені үшін кореялық әріптесіне алғыс айтты. Сондай-ақ мұны екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген шынайы ниеттің айқын көрінісі деп бағалайтынын жеткізді.

    – Бүгінгі сапардың қос тарап үшін де мән-маңызы зор. Корея Республикасы – біз үшін сенімді серіктес әрі стратегиялық әріптес. Екі елдің достық дәстүрге негізделген қарым-қатынасы тереңнен тамыр тартады. Біз барлық деңгейде тығыз байланыс орнаттық. Күн тәртібіндегі мәселелер іскерлік рухта және сындарлы негізде шешімін тауып келеді. Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 6 миллиард долларға жетті. Бұл – ортақ күш-жігердің жемісі. Ауқымды экономикалық жобаларды іске асырдық. Инвестициялық ықпалдастық жылдан-жылға нығайып келеді. Қазір Қазақстанда Оңтүстік Кореяның капиталы бар 700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз қарқынды дамып жатыр. Қазақстандағы корей диаспорасы бұл үдерісте маңызды рөл атқарады. Оны екі халықтың арасын жалғап отырған алтын көпір деуге болады. Біз осы жетістіктерді еселеп, қазақ-корей ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге мүдделіміз. Бұл сапар екі елдің ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →