Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді Англияда Дастан Сатпаевтің жарақатының сипаты айтылды ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді Англияда Дастан Сатпаевтің жарақатының сипаты айтылды ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

    Павлодарда жол апатынан 15 жастағы екі жасөспірім қаза тапты

    Павлодарда жол апатынан 15 жастағы екі жасөспірім қаза тапты

    Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі жасөспірім қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    – Павлодар-Ақсу автожолында болған жол апаты салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі мен оның жолаушысы қайтыс болды, – деді  Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мустафинов.

    Облыстық жедел жәрдем станциясында шақырту 5 маусымда сағат 16.54-те түскенін хабарлады. Павлодар-Ақсу тас жолында Қарабай ауылы аумағында скутер  КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Екі жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылып, тоғыз минутта оқиға орнына жетті.

    Сол жерде дәрігерлер 15 жасар жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлаған. Ауыр жарақат алған тағы бір 15 жастағы бала №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, алайда екінші жасөспірім де көз жұмған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →