Басты бет » Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның көлік министрі болды

Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның көлік министрі болды

Фото: grozny.tv

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың жиені Адам Черхигов аймақтың көлік, байланыс және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Рамзан Черхиговтың орнына Адам Черхигов Шешенстан Республикасының Көлік, байланыс және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Адам Шешенстан Республикасы Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетінің төрағасы қызметін атқарған», — деді Рамзан Қадыров Telegram-арнасында.

Сондай-ақ ШР Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетін ШР Білім және ғылым министрлігінің құрылымына қосу туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, Адам Черхиговтың әкесі – Рамзан Қадыровтың әпкесі Зарганның күйеуі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика