Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарағанды облысы әкімдігі атқарылмаған жұмыс үшін 15 млн теңге төлеген

    Қарағанды облысы әкімдігі атқарылмаған жұмыс үшін 15 млн теңге төлеген

    Фото: Pixabay

    Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы «Нұра ауданының құрылыс бөлімі» ММ нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Нұра кентіндегі Ақпасов көшесінде 20 жалдамалы екі пәтерлі тұрғын үй салу жұмыстарына 1 млрд теңге сомасы төленген. Талдау нәтижелері бойынша мердігер 15 378 015 теңгеге жұмысты аяқтамағаны анықталды», — делінген хабарламада.

    Аудан прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде, мердігердің өз міндеттемелерін адал орындамауына байланысты, 15 378 015 теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.

    Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →