Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандықтардың орташа табысы 410 088 теңгеге жетті • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Қазақстандықтардың орташа табысы 410 088 теңгеге жетті • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр •

    «Қолым дірілдеп тұр»: Астанада жұмысшы тұрғынның көз алдында биіктіктен құлап көз жұмды

    «Қолым дірілдеп тұр»: Астанада жұмысшы тұрғынның көз алдында биіктіктен құлап көз жұмды

    Фото: видеодан кадр

    Желіде елордада құрылыс нысанында кран жүргізушісінің биктіктен құлап кеткені туралы видео тарады. Деректерге сай оқиға тұрғынның көз алдында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz — ке сілтеме жасап. 

    Видео авторы үйінің терезесінен құрылыс алаңы көрініп тұратынын айтады.

    «Таңертең әдеттегідей жақсы көңіл-күймен кофемді ішіп, терезеден салынып жатқан құрылысқа бұлттарға тамсана қарадым. Құрылыс краны да көрініп тұрды. Сол кезде кенет көз алдымда краншы биіктіктен құлап кетті. Міне, қазір адамдар жиналып, жедел жәрдем келген. Мұндай қайғылы өлімді көремін деп ойламаппын. Қолым дірілдеп әлі де өз-өзіме келе алмай тұрмын. Жедел-жәрдем алып барады. Тірі шығар деп үміттенемін. Бәрі жақсы болсын», — деді видео авторы.

    Астана қаласының полиция департаменті жазатайым оқиғаны растап, жағдайға түсініктеме берді.

    «Оператор мұнара кранынан түсу кезінде биіктіктен шығып, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша «абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК — нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады ведомство.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →