Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

    Ақмола облысында цистернадан тағы да тұз қышқылы төгілді

    Ақмола облысында цистернадан тағы да тұз қышқылы төгілді
    Фото: ТЖМ
    Ақмола облысында тағы да тұз қышқылы төгіліп, авариялық цистерна қауіпсіз қашықтыққа сүйреп әкетілді, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат агенттігі.
    Теміржолдағы авария жайлы 25 мамырда белгілі болды – Аршалы ауданының Сарыоба станциясында диаметрі бір жарым сантиметр болатын жарықтың салдарынан цистерналардың бірінен тұз қышқылы төгілген.
    Қауіпті жүк тиелген цистерна негізгі құрамнан ажыратылды. Ақмола облысының құтқарушылары қышқыл ағып жатқан тесікті бітеді.
    «27 мамырда жүк тасымалдаушылар цистернадағы сұйықтықты айдап жатқан кезде тұз қышқылы қайта аға бастады», — деп толықтырды ТЖМ.
    СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында газсыздандыру жұмыстарын жүргізеді.
    «Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдай жедел штабтың бақылауында», — деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →