Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты •

    Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды

    Шымкентте күрес шебері Василий Колесниковті ұрлап өлтірген алты адам 20 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі 4 қарашада жарияланды.

    Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды

    Сурет: Коллаж: Politico.kz/ЖИ

    Шымкентте 40 жастағы күрес шебері Василий Колесниковті ұрлап, өлтірген алты адам 20 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі бүгін, 4 қарашада жарияланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қайғылы оқиға 20 қаңтарда Шымкенттегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Қылмыскерлер әуелі жол апатын қолдан ұйымдастырып, кейін бетперде киіп Василий мен екі досына шабуыл жасаған. Бірі қашып құтылса, екіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

    Белгілі күрес бапкері Александр Колесниковтің ұлы Василий Колесниковті күштеп көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Кейін оның мәйіті Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы аурухана маңынан табылған.

    Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 6 айыпталушыны кінәлі деп танып, мынадай жаза тағайындады:

    • Мақсұт Арысбаев – 23 жыл;
    • Рауан Іңкәрбеков – 22 жыл;
    • Дархан Қызбалаев – 22 жыл;
    • Әлихан Ерімбет – 21 жыл;
    • Жанділдә Қуандықов – 20 жыл 6 ай;
    • Бекасыл Жұманазар – 20 жыл.

    Сот олардың адам өлтіру, адам ұрлау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық әрекеттері бойынша кінәсі дәлелденгенін анықтады. Кейбір айыптар алынып тасталды. Жаза тағайындау кезінде 3 сотталушының бұрын да қылмыстық жауапқа тартылғаны ескерілді.

    Сондай-ақ сот жәбірленуші Мақсат Көшкенбаевтың талабын ішінара қанағаттандырып, моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге, заңгерлік көмек шығындары үшін 4 миллион теңге өндіріп беруді шешті.

    Бұдан бөлек, сот тергеу кезіндегі заңбұзушылықтар мен пробациялық бақылаудағы кемшіліктерге байланысты екі жеке қаулы шығарды. Ал іс бойынша тәркіленген көліктерді иелеріне қайтаруға шешім қабылдады.

    Бұл іс бойынша тағы бір күдікті Марат Дауласов іздеуде жүр. Ал тергеуде «Баха» деген атпен белгілі адамның кім екені әзірге анықталмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →