Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Құны 3 млрд теңге: Алматыда «Медеу» табиғи паркінің жерлері қайтарылды

    Құны 3 млрд теңге: Алматыда «Медеу» табиғи паркінің жерлері қайтарылды

    Фото: tripadvisor.ru

    Алматы прокурорлары «Медеу» табиғи паркінің жерлерін қайтарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.

    Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер, жеке меншiкте бола алмайды.

    Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген.

    Бұған, Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды.

    Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.

    Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді. Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, «Медеу» табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд теңге сомасындағы жер қайтарылды, — делінген Алматы қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

    Сонымен қатар сотқа қатысуды қамтамасыз еткен Медеу ауданы прокуратурасының өтінішхаты бойынша меншік құқығын тіркеу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін сот кінәлі тұлғалардың жауаптылық мәселесін қарау жөнінде жеке ұйғарымдар шығарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →