Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Зіңгіттей жігіт еді»: Ерболат Құдайбергеннің қазіргі кескіні көпті алаңдатты Журналист Вадим Борейко “Гиперборей” арнасының жұмысы тоқтағанын мәлімдеді Ақмола облысында жалған мәліметтер арқылы 50 млн теңге субсидия ұрлаған тұрғын мен ветеринарлар сотталмақ WBO Алимханулы мен Шираздың жекпе-жегі бойынша келіссөз мерзімін ұзартты Көпір саламыз деп, жолды ми батпаққа айналдырған ба? Оралдағы жол жұрттың ашуын туғызды Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін жариялады «Зіңгіттей жігіт еді»: Ерболат Құдайбергеннің қазіргі кескіні көпті алаңдатты Журналист Вадим Борейко “Гиперборей” арнасының жұмысы тоқтағанын мәлімдеді Ақмола облысында жалған мәліметтер арқылы 50 млн теңге субсидия ұрлаған тұрғын мен ветеринарлар сотталмақ WBO Алимханулы мен Шираздың жекпе-жегі бойынша келіссөз мерзімін ұзартты Көпір саламыз деп, жолды ми батпаққа айналдырған ба? Оралдағы жол жұрттың ашуын туғызды Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін жариялады

    СҚО-да әкім орынбасарына ірі көлемде пара алды деген айып тағылды

    СҚО-да әкім орынбасарына ірі көлемде пара алды деген айып тағылды

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алу бойынша күдікті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

    Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

    Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

    Тергеу жалғасуда.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →