Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты

    Шымкентте үш айдың ішінде 3 оқушы қыз жүкті болып қалды

    Шымкентте үш айдың ішінде 3 оқушы қыз жүкті болып қалды

    Шымкентте жыл басынан бері 11 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Ал 3 оқушы қыздан ерте жүктілік анықталған. Бұл туралы қалалық білім басқармасының алқа жиынында айтылды, деп хабарлайды  Отырарға сілтеме жасаған Qazaq.today агенттігі.

    Шымкентте жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 19 құқық бұзушылық жасалған. Оның ішінде мектеп оқушылары арасында 3 қылмыс тіркелген. Оның екеуі тонау, біреуі — зорлау фактісі. Өткен жылы мұндай кезеңде кәмелетке толмағандар 12 қылмыс жасаған дейді спикерлер.

    «9 оқушы өзге өңірдің балалары, Шымкент қаласына келіп құқық бұзған, яғни қылмыс жасаған. 2 оқушы мектеп бітіріп кеткен, еш жерде тіркелмейтін азаматтар. 5 оқушы колледж студенттері. Ал мектеп жасындағы балалар — үш оқушы. Суицид жасағандардың ішінде бесеуі колледж студенттері, алтауы — мектеп оқушылары», — дейді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Дәрібаева.

    Үш айдың ішінде мектеп оқушылары арасында 3 жасөспірім қыздың аяғы ауыр болған. Былтыр да үш оқушы қыздың жүкті екені анықталып отыр. Оқушылар арасында жыл басынан 11 оқушы өз-өзіне қол жұмсаған. Оның үшеуі қаза тапса, сегіз бала аман қалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →