Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақмола облысында жаттықтырушы есірткі таратқан

    Ақмола облысында жаттықтырушы есірткі таратқан

    Фото: Pixabay

    Есірткі таратқаны үшін шаңғы спортының жаттықтырушысы сотталды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Аршалы ауданының БЖСМ-нің шаңғы спортының жаттықтырушысы «Ш.» есірткі заттарды таратумен заңсыз айналысқан, деп жазады turkystan.kz.

    «Аршалы ауданында өткізу үшін Астанадан есірткі заттарын тасымалдау кезінде «Ш.»-ны полиция қызметкерлері ұстаған және оның автокөлігін тінтуде жалпы салмағы 39 кг асатын гашиш 4 пакет табылып, тәркіленді», — делінген хабарламада.

    Осылайша, «Ш.» есірткі заттарды сату үшін аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды жүзеге асырған (Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).

    «Ш.»-нің кінәсі оның автомашинасын тінту және есірткі заттары салынған пакеттерді алу хаттамасымен; сарапшылардың қорытындыларымен; тіркелген қоңыраулары көрсетілген ұялы телефонды тексеру хаттамасымен; бейнекамералардың жазбаларымен; тінту хаттамаларымен; «Ш.»-дан жеке пайдалануға арналған есірткі затын сатып алған куәгерлердің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді», — делінген хабарламада.

    Жаза тағайындауда сот жеңілдететін мән-жайларды — сотталушыда жас балалардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

    Сот үкімімен «Ш.» 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәркіленген есірткі заттар жойылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →