Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қазақстанның бірнеше облысында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

    Қазақстанның бірнеше облысында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

    «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, атмосфералық фронттардың салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

    Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі, ал солтүстікте түнгі уақытта қар аралас жауын-шашын болады деген болжам бар.

    Жалпы Қазақстан бойынша найзағай, тұман күтіледі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл болуы ықтимал. Сонымен қатар еліміздің төрт облысында гидрологиялық дауылдық ескерту жарияланған.

    «Төрт облыс бойынша гидрологиялық қолайсыз ауа райына байланысты ескертулер сақталуда. 16 сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні бойынша ескерту жарияланды. Абай облысы мен ШҚО бойынша дауылды ескерту бар, мұнда еріген су және беткейлік ағындардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Қостанай облысында 17 сәуірге дейін облыстың солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Сондай-ақ Жамбыл облысында 16 сәуірге дейін таулы және тау бөктеріндегі аудандарда көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде», — деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова. 

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →