Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады •

    Жетісу облысында ер адам 7 миллион теңге алимент төледі

    Жетісу облысында ер адам 7 миллион теңге алимент төледі

    Жетісу облысында 4 баласына алимент төлемеген әкеден 7 миллион теңге өндірілді, деп хабарлайды Todayinfo.

    Панфилов ауданының прокуратурасы борышкердің бейресми жұмыс істейтінін, тұрақты табысы барын анықтаған.

    «Қадағалау актісі бойынша борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін борышкер алимент бойынша берешегін толық өтеді», — делінген ведомство хабарламасында.

    Прокурорлық шаралармен кәмелетке толмаған 63 балаға жалпы сомасы 47 миллион теңге алимент бойынша берешек өндірілген.

    Прокуратура алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алумен, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

    фото: ашық дереккөзден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →