Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Кәсіпкерлер бизнес ашу үшін колонияға барды

    Кәсіпкерлер бизнес ашу үшін колонияға барды

    Кәсіпкерлер сотталғандарға жұмыс орнын ашу үшін елорда колониясына барды, деп хабарлады Polisia.kz.

    «Еңбек-Аршалы» РМК филиалындағы объектілерде жұмыс орындарын ашу бойынша пилоттық жоба аясында Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров, прокурордың орынбасары А. Сүлейменова, «Еңбек-Аршалы» филиалының директоры А. Бақтыбаев Астана қаласының ҚАЖД-ға қарасты №2 мекеме әкімшілігімен бірлесіп, мекемеде кәсіпкерлермен кездесті. Оларға мекеменің өндірістік орындары таныстырылды.

    Сондай-ақ «Еңбек-Аршалы» РМК филиалының өндірістік аймағындағы бос үй-жайларды болашақта шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне бизнес ашу үшін жалға беру мәселесі қарастырылды.

    «Бүгінде мекеменің мақсаты – «Еңбек-Аршалы» филиалындағы өндірістік қуатты арттырып, сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету үшін бизнес өкілдерін шақыру», – деді Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →