Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Air Astana гуманитарлық көмекті Алматыдан Атырауға тегін жеткізеді

    Air Astana гуманитарлық көмекті Алматыдан Атырауға тегін жеткізеді

    Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Атырауға және кері қарай қосымша рейстер ашылатынын хабарлады.

    – 9 сәуірде әуе компаниясы Алматыдан Атырауға және Airbus A321 ұшағымен KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін орындайды. Әуе лайнерінің сыйымдылығы – 179 орын. Алматыдан Атырауға рейс 17.00-де ұшады. Кері рейс 21.15-те, — делінген хабарламада.

    Қосымша рейстерді ашу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты осы бағыттағы сұраныстың артуына байланысты қабылданған.

    Ұшақ еріктілер ұйымдарынан гуманитарлық көмекті тегін тасымалдауға өтініш қабылдайды. Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →