Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады •

    «Маскадағы адам» жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

    «Маскадағы адам» жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

    Фото: еl.kz

    Маска киген жігіттің әрекеті тағы көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұл жолы «Маскадағы адам» деп танылған блогер жалғызбасты ананы қуантты. Үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ананың бір қызы мидың қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Ал өзі 14 жылдан бері еден жуушы болып күнелтіп жүр. Қызын емдеуге де қаражаты жоқ.

    «Жалдамалы пәтерде тұрамыз, не газ, не су, не әжетхана жоқ. Өзім түнгі 2:30-ға дейін жұмыстамын, балаларды асырау керек. Еден жуып та шаршадым. Қызым мидың қатерлі ісігіне шалдыққан, қазір үйде химия қабылдап жатыр. Сондықтан шаршағанымды көрсетпеймін, әйтпесе жұмыс ауыр», — деді әйел.

    Танымал блогер жалғызбасты анаға қызын Түркияға апарып емдету үшін қомақты қаражат табыс етті. Бұдан бөлек ол әйелге су жаңа пәтердің кілтін сыйлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →