Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған •

    Siri мен Алиса қазақша сөйлеу үшін не керек?

    Фото: Pixabay 
    Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеп.

    “IT саласы мен жасанды интеллект туралы айтқанда, қазақ тілін дамыту өте маңызды міндет. Siri, Алиса және басқа да жүйелер қазақша сөйлеу үшін не істеу керек? Қолданылу тұрғысынан алғанда қазақ тіліндегі сөздердің үлкен көлемі қажет. Алгоритм белгілі бір сөздің нақты мағынасын түсінетіндей бір сөзді 500 не одан да көп мағынада қолдану керек шығар”, — деп атап өтті ол Мәжілісте өткен комитет отырысында.

    Оның сөзінше, жасанды интеллект жүйелері қазақ тілінде тиімді жұмыс істеуі үшін әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер мен сөз орамдары құрастырылған.

    Асхат Аймағамбетов бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізілгенін баса айтты.

    Депутат қолда бар деректерді жасанды интеллект платформаларын әзірлеушілерге беруді ұсынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →