Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қарағанды облысында шахтада төтенше жағдай болып, 70 адам эвакуацияланды

    [ad_1]

    Ленин шахтасының D6 орталық конвейер көлбеуінде көмірқышқыл газы деңгейінің жоғарылауы тіркелді.

    Qarmet баспасөз қызметі шахтада желдету жүйелерін сынау кезінде болған штаттан тыс жағдай туралы хабарлады. Көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада бүгін көміршқышқыл газының жоғарылағаны туралы ақпарат түсті.

     

    Автоматты датчиктермен желдету жүйелерін тексеру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде 54-ші пикет ауданындағы Д6 170 м горизонт орталық конвейерлік еңісте көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Осының салдарынан жөндеу жұмыстарына тартылған кеншілер бригадасын эвакуациялау жоспары дереу енгізілді. Қабылданған шұғыл шаралар нәтижесінде 70 шахта қызметкері қауіпсіз жерге шығарылды. Кеншілер арасында зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлайды Qarmet баспасөз қызметі.

     

    Оқиға орнында Qarmet басшылығы, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі, ТЖД мамандары жұмыс жүргізіп жатыр.

     

    Штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебі шахтаның желдету жүйесінің жабдықтарын сынау кезінде көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы болып отыр. Мұндай жұмыстар кен орнында 2017 жылдан бері жүргізілмеген. Аталған сынақтар тау-кен жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік жүйелері мен еңбек жағдайларының аудиті бойынша ауқымды жұмыстардың бір бөлігі болып табылады, — деп қосты компаниядан

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →