Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Ресейде шахта опырылып, 13 адам үйінді астынды қалды

    Фото: Pixabay

    Ресейдің Амур облысында кеніште тау жыныстары құлады. Үйінді астында 13 адамға дейін болуы мүмкін. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Оқиға орнына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 құтқарушысы мен төрт техника жұмыс істеп жатыр. Зея муниципалды округінде жерасты кенішінде тау жынысы опырылды. Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында 13 адам болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

    Олар кәсіпорынның вентиляциялық еңіс бойына құтқарушылар тобын жібергенін, кеншілермен байланыс қалпына келтіріліп, көлік жолы тазартылып жатқанын атап өтті.

    Интерфакс пен 112 телеграм каналы оқиғаның Зея округіндегі «Пионер» кенішінде болғанын жазады (алтын өндіретін кәсіпорынның иесі — «Петропавл» компаниялар тобы). Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында қалған кеншілер тірі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →