Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты •

    Ақмола облысындағы ауруханада науқастарға құрттаған тамақ берілген

    Фото: Видеодан кадр

    Ақмола облысы Степногор қаласындағы ауруханада науқастарға құрттаған тағам берілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

    Аурухананың инфекциялық бөлімшесіне балаларымен ем-дом алуға келген аналар түскі асқа берілген сусында құрт жүргенін байқаған. Емделушілер тек құрттаған сусынға ғана емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтады. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан.

    “Аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында. Аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар болған емес”, – деді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →