Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Солтүстік Қазақстан облысында 87 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖМ

    AMANAT партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында су тасқыны кезеңіне дайындық талқыланды. Бүгінде өңірдегі 87 елді мекенді су басуы мүмкін. Ол ауылдарда шамамен 5 мыңнан астам адам тұрады, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

    СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, су тасқыны қаупіне жедел ден қою үшін құрамында 472 адам және 134 техника бар құқық қорғау органдарының, ТЖД мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан топ құрылды.

    «Қазір департаментте халықты эвакуациялауға арналған 10 жоғары өтімді техника, 6 жол талғамайтын көлік, 7 жүзу құралы, 78 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм мен 21 дана шатыр дайын тұр. Сондай-ақ 242 эвакуациялық пункт дайындалды», – деді Дмитрий Растихин.

    «Қазгидромет» мамандарының мәліметіне сүйенсек, қар жамылғысындағы су қоры 147 мм-ге жеткен. Бұл – былтырғыдан көп мөлшер.

    Жыл басынан бері елді мекендерден 1 миллион текше метрден астам қар шығарылған. Сондай-ақ бүгінде 468 кентішілік су өткізу құбыры мен 8,6 шақырым болатын каналдар мен арықтар тазартылып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →