Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Микроқаржы ұйымынан несие алған қазақстандықтардың жеке деректері тарап кетті

    Министрліктің хабарлауынша, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ — 23,6 млн. (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru -6.8 млн.); Филиппин-5 млн. (digido.ph); Вьетнам — 2 млн. (vietloan.vn) деректері анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік техникалық қызмет таратылған деректерге талдау жүргізіп, цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдамақ.

    – Цифрлық даму министрлігі Қазақстандықтардың жеке деректері тараған дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды ведомство.

    Осы орайда Цифрлық даму министрлігі өз тарапынан ұсыныстарын жариялайды:

    — «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы қарыз алудан ерікті түрде бас тартыңыз;

    — егер банк қызметкерлерінен қоңырау түскен болса, онда әңгімені дереу үзіп, ресми байланыс деректері бойынша Банкке тікелей қоңырау шалыңыз;

    — жасалатын операцияны растау үшін SMS-кодты хабарламаңыз (төлемдер, аударымдар және т. б.);

    — интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізден құпия сөздерді бермеңіз;

    — банк картасының артындағы CVV / CVC кодын бермеңіз;

    — үшінші тараптың мобильді қосымшаларын, соның ішінде құрылғыларға қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз;

    — қаржылық шоттарда бірегей және күрделі құпия сөздерді қолданыңыз;

    — қосымша қорғаныс үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;

    — электрондық пошта тіркемелерін ашқан кезде, әсіресе олар бейтаныс жіберушілерден келсе абай болыңыз;

    — күдікті интернет-ресурстарға (сайттарға)кіруден аулақ болыңыз;

    — сенімсіз ресурстарда жеке ақпаратты бермеңіз;

    — қаржылық операцияларға мониторинг жүргізіңіз.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →