Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    Ақмола облысында 45 адамға миллиондап несие алдырып, қарызға батырған әйел қамауға алынды

    Ақмола облысында 51 жастағы әйел бір жылда 45 адамға банктен миллиондап несие рәсімдеуге көмектесіп, қарызға батырған, деп хабарлады КТК телеарнасы.

    Әйел алынған ақшаның тең жартысын өз қалтасына басқан. Жәбірленушілердің айтуларынша, несие ала алмай жүргендерді әйел өзі тауып алады екен. Тіпті ешбір банк түрлі себеппен несие бермейтін адамның өзіне таныс менеджерлері арқылы несие рәсімдеп беріп отырған.

    «Ауру қызым бар, төрт баланың әкесімін. Бес-бес миллионнан төрт банктен 20 миллион алдым. Соның жартысын, 10 миллион 200 мыңын қолына санап берді», – дейді жәбірленушілердің бірі.

    Бұланды, Бурабай аудандарының тұрғындары келісіммен алынған қаражаттың 50 пайызын оған санап береді екен. Алғашқыда кредитті жауып отырам деп уәде берген. Бірақ, уақыт өте қарыз төленбей, тіпті оны таба алмай қалған. Күдікті әйел қазір қамауға алынды. Жәбірленушілердің саны күн санап көбейіп келеді.

    «Әр адамға рәсімделген несиенің мөлшері 1 миллионнан 13 жарым миллион теңгеге дейін жеткен. Қазір облыстың екі ауданынан 51 жастағы осы әйелге шағым толассыз түсіп жатыр. Несиені әртүрлі банктен таныстары арқылы алып отырған. Күдіктіге алаяқтық бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. 

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →