Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азия ойындары: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен сынға түседі Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты Азия ойындары: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен сынға түседі Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты

    Абай облысының логотипі көпшіліктің көңілінен шықпай, ҚазНетте мемге айналды

    Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды. Сараптама комиссиясы облыстың үздік логотипі мен брендбукіне арналған конкурсты қорытындылады. Оның құрамында қоғам, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар. Дауыс беру нәтижелері бойынша «Семей коркем» жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды.

    Жұмыстың негізгі идеясы – нақты негізделген геометриялық сызықтары бар стильді және заманауи логотип. Жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылды. Міндеттердің бірі – ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған.

    Екінші және үшінші орын – «Артекс» компаниясы мен жеке тұлға Ш. Ақановтың иелігінде. «Артекс» компаниясының нұсқасында стильдендірілген А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді. Ш. Ақановтың жұмысында басты идея – Семей қаласы, Алашорданың астанасы, әйгілі аспалы көпір – облыс сәулет өнерінің маржаны.

    Сараптамалық комиссия барлық жұмыстарды эстетикалық және идеялық мазмұн мен визуалды қабылдау тұрғысынан зерттеді. Сондай-ақ логотип пен брендбукты пайдалану бойынша кешенді тәсіл мен ұсыныстар назарға алынды.

    Алайда, үздік деп танылған логотип адамдарға ұнамай қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары: “Осындай дизайнерлерді қайдан табады және мұны қалай мақұлдауға болады?», «Автор шрифт негіздерін білмейді», «Өз басым «ABAH» деп оқыдым, түрлі балама бейнелерді емес әріптерді қолданып жасаған соң халыққа ұғынықты болса дұрыс болар еді», «Албан облысы» деген пікірлер жазып жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының үздік логотипі мен брендбук байқауы 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтті. Конкурсқа қатысу үшін барлығы 28 автордан 47 жұмыс келіп түсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →