Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    ШҚО-да қызылша жұқтырғандар саны 200-ден асты

    Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

    Шығыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырғандар саны 200-ден асып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бүгінгі таңда өңір бойынша 219 адам қызылша жұқтырды. Науқастардың 49,3%-ы ересектер, 35,1%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 15,5%-ы жасөспірімдер.

    «Сырқаттанғандардың дені екпе алмағандар немесе вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар. Нақты айтқанда, 7 адам — жоспарлы вакцинация жасына жетпегендер, 24 пациент медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты екпе салдырмағандар, 33 адам вакцинациядан бас тартқандар, 4 науқас екпе алу мүмкіндігін өткізіп алғандар. Ал 44 адам вакцина алса да ауырса, 107 адамның иммундық мәртебесі белгісіз», — дейді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

    Оның айтуынша, өткен жылдың 6 қарашасынан бастап 6-11 айлық балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина салу науқаны жүргізілуде. Желтоқсан айынан егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балалар да вакцина алуда.

    Сол уақыттан бастап осыған дейін облыс бойынша 6-дан 11 айға дейінгі 3482 бала, 2-4 жастағы 19 935 бала екпе салдырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →