Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Антарктидада Түркияның көлеміндей мұз еріді

    Фото: Anadolu

    Антарктидада үш жылда Түркияның көлеміндей мұз еріп кетті. Бұл туралы түрік ғалымдарының 8-ші Ұлттық Антарктика ғылыми экспедициясының соңғы үш жылдағы зерттеулерінің қорытындыларына негізделген баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Түркияның ғылыми-зерттеу лагері орналасқан Хорсшу аралында GNSS стационарлық станцияларын пайдаланып, атмосферадағы су буының деңгейі, теңіз, мұз және қар деңгейі сияқты маңызды параметрлерді бақылаған ғалымдар жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты әсіресе су буы мөлшеріндегі өзгерістердің артқанын анықтады, деп жазады kaz.inform.

    Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары мен спутниктік өлшеу әдістерін қолдану арқылы мұздықтардың айтарлықтай еруі байқалды.

    Хорсшу аралындағы жобаның алғашқы қорытындылары 2022 және 2023 жылдар аралығында көлемі шамамен 100 шаршы метр қар мен мұздықтардың ауданы орта есеппен 7 текше метрге азаятынын көрсетті.

    Ғалымдар бар болғаны бір жылдың ішінде қар мен мұздықтардың айтарлықтай ерігенін және осы ерудің нәтижесінде әртүрлі мұздық ойықтар мен шалшықтардың пайда болғанын анықтады.

    Олардың айтуынша, мұздықтар осы қарқынмен еруін жалғастырған сайын, атмосфераға су буының көбірек бөлінуі және парниктік газдар концентрациясының жоғарылауы арқылы жаһандық климаттың өзгеруі сөзсіз жылдамдайды.

    Жаһандық климаттық өзгерістердің жылдам өсуінің жалғасуы тұщы сумен қамтамасыз ететін мұздықтардың еріп, теңізде жоғалып кетеді деген сөз.

    8-ші Ұлттық Антарктика ғылыми экспедициясының үйлестірушісі, профессор Бурджу Озсойдың мәлімдеуінше, Антарктидада теңіз мұзы азайып қана қоймай, мұздықтардың айтарлықтай жоғалуы байқалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →