Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иран парламент төрағасы: мұнай сатпасақ, ешкім сатпайды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Иран парламент төрағасы: мұнай сатпасақ, ешкім сатпайды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі

    Арыстағы жарылыстан болған 97 миллиард шығынды 16 әскери қызметші өтейді

    Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан келген шығынды 16 адам өтейді. Бұл туралы Астана қаласының Есіл аудандық соты мәлімдеді.

    Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан келтірілген шығынды өтеуді талап етіп, сотқа арыз берген.

    Сотталушылар қызмет барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқ-дәрілерді сақтау, сату және кәдеге жарату, техникалық бақылауға жауапты болған бұрынғы әскери қызметшілер.  Сотталушының бірі — өрт және күзет дабылын орнатқан ЖШС басшысы.

    «Барлық сотталушының оқ-дәрілердің жарылуына кінәсі Шымкент гарнизоны әскери сотының 2019 жылғы 24 маусымдағы заңды күшіне енген үкімімен анықталды.  Сол үкім бойынша Қорғаныс министрлігі мүліктік талаптарды қанағаттандыруға құқылы болды.

    Талапкердің талабы жарылыс салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, 44859-әскери бөлімнің, 16752-әскери бөлімнің, 74884-әскери бөлімнің теңгеріміндегі ғимараттарды, құрылыстарды, инфрақұрылымды бұзу, оқ-дәрілерді жою түрінде мемлекетке мүліктік залал келтірілгенімен негізделген», — делінген хабарламада.

    Сот-медициналық сараптама жалпы шығын сомасы 96 373 286 57 теңге болғанын анықтады.

    Сот талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.  Оның шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →