Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    Қарағанды облысында аңшының мәйіті табылды

    Қарағанды облысында саятшылық құрған бір топ адам өрт құрсауында қалып, біреуі мерт болды. Денесін күйік шалған тағы бір азамат ауруханада жатыр. Бұл туралы Qazaq.Today КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.   

    Жергілікті тұрғындар аң атуға барған. Жарты жолда машинадан өрт шыққан. Құрғақ шөпке тиген от лезде лаулап өршіген. Төрт азамат өртті сөндіруге жанталасқанымен еш нәтиже болмаған. Әбден шаршаған олар қара түтіннен бір-бірін көрмей адасып қалыпты.

    Аңшылардың біреуінің денесін күйік шалып ауруханаға жеткізілді. Ал 31 жастағы ер адамның денесі ертесі күні бір-ақ табылған. Қазір марқұмның нақты неден өлгені анықталып жатыр.

    Қарағанды облысы ТЖД басқарма бастығы Нұрлан Жақыпбаев: «Бүгін таңертең 1991 жылы туған аңшының мәйіті табылды. Зардап шеккен азаматтың  түсіндірмесі бойынша, далада жүріп келе жатқанда көлік коллекторы жанып, шөп өртенген», – дейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →